457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Өткен жылы қазақстандықтар қанша көлік сатып алғаны айтылды

Қазақстанда 2024 жылғы желтоқсанда есепке 181,9 мың бірлік автокөлік қойылған, бұл көрсеткіш 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4%-ға артық екен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында барлығы 1 836,3 мың автокөлік тіркелген. Олардың басым бөлігі желтоқсан айында есепке қойылған.

Жалпы 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 744,1 мың бірлікті құрады, оның ішінде 88,1% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк автомобильдері және 2% – автобустар. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері төмендегі сызбада:

Жалпы 2025 жылғы 1 қаңтарға Қазақстан автопаркінің шығарылған жылы бойынша көрінісі келесідей:

20 жылдан аса – 2 518,5 мың автокөлік

10-20 жыл – 1 361,7 мың автокөлік

7-10 жыл – 652,2 мың автокөлік

3-7 жыл – 838,8 мың автокөлік

3 жылдан кем – 362,6 мың автокөлік.

Фото: news.qq.com

Самое читаемое