457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Масс-медиа туралы заң президенттің қол қоюына жолданды

2023 жылдың соңында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева журналистер ортасында қызу талқыға түскен «Масс-медиа туралы» туралы заң жобасын мәжілісте қорғап, депутаттар құжатты бірінші оқылымда мақұлдаған еді.

Масс-медиа туралы заң жобасы Сенат қарауынан өтті. Құжат президентке қол қоюға жіберіледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Түзетулер:

мемлекеттік емес БАҚ құралдарына гранттар беріледі;

БАҚ-тағы материалдарға талап қою мерзімі бір жылды құрайды;

БАҚ сұраулары бес күннен жеті күнге дейін қаралады; бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін өзін-өзі реттеу мәселелері жөніндегі қоғамдық-кәсіби кеңес болады, сондай-ақ журналистердің Әдеп кодексін бекітеді;

суицид жасау тәсілдері және суицидке шақыру туралы ақпарат таратуға тыйым салынады.

Сонымен қатар, егер "ұлттық қауіпсіздікке қауіп бар" деп тапса, ҚР СІМ шетелдік БАҚ-ты аккредиттеуден өткізбей қоюы мүмкін. Медиазаңгерлер мен жұмыс тобындағы журналистер ұсынылған бірқатар өзгеріске қарсылық білдірген еді.

Заң жобасын бойынша депутаттар енгізген бірқатар түзету:

«Баспасөз картасы»; «Бұқаралық ақпарат»; «Діни теле бағдарлама»;

«Журналистердің құқықтары мен бостандық-тарының сақталуы туралы Ұлттық баяндама»; «Теле-, радио арнаны есепке қою туралы куәлік» ұғымдарын алып тастау;

«Журналистің ерекше мәртебесі» және «Аккредиттеудің оңайлатылған тәртібі» ұғымдарын енгізу; «Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу» және «Масс-медиа мониторингі» ұғымдарын нақтылау;

Желілік басылымдар мен ақпараттық агенттіктерді БАҚ түрлерінің бірі болып табылатын «интернет-басылым» бірыңғай ұғымына біріктіру. Бұл ретте, интернет-басылымдар барлық дәстүрлі БАҚ сияқты міндетті түрде есепке қойылады;

Масс-медиа қызметінің негізгі міндеттерін нақтылау;

Үкіметтің мемлекеттік ақпараттық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және оларды іске асыруды ұйымдастыру жөніндегі құзыретін толықтыру;

Қосымша құзыреттер беру:

Уәкілетті органға – масс медиа мониторингін жүзеге асыру жөніндегі;

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді органдарының:

Үлгілік қағидаларға сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұрғын үй кешендерінде жеке спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын, кабельдік коммуникацияларды орналастыру жөніндегі талаптарды белгілеу жөніндегі;

облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының қоғамдық көлікте мемлекеттік теле-радио өнімдерінің трансляциясын қамтамасыз етуі және бақылауы жөніндегі;

Одан бөлек мынадай өзгерістер енгізілген:

Журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің) кәсіби қызметіне құқықтық кепілдіктер белгілеу;

Мемлекеттік тілдегі теле-радио бағдарламаларды тарату және отандық контент көлемі бойынша талаптарды 2025 жылдан бастап – 55 пайызға, 2027 жылдан бастап теле-радибағдарламалардың жалпы көлемін 60 пайызға ұлғайту;

Құқықтардың бұзылуына байланысты БАҚ-қа қойылатын талаптар бойынша ескіру мерзімін үш жылдан бір жылға дейін қысқарту;

БАҚ қызметін өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша қоғамдық-кәсіби кеңестердің негізгі функциясы ретінде журналистердің Әдеп кодексін әзірлеуді айқындау;

Балалар басылымдары мен өңірлік газет-журналдарын қаржылай қолдау (грант тағайындау);

Отандық теле-радио арналардың апта сайынғы хабар тарату көлемінде шетелдік теле-радио арналардың теле-радио бағдарламаларын ретрансляциялауды 20 пайыздан 10 пайызға дейін қысқарту.

2023 жылдың соңында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева журналистер ортасында қызу талқыға түскен «Масс-медиа туралы» туралы заң жобасын мәжілісте қорғап, депутаттар құжатты бірінші оқылымда мақұлдаған еді.

Фото: europeanacademyofreligionandsociety.com

Самое читаемое