457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Forbes Қазақстан»: Ахметжан Есімовтің қызы олигархтар тізіміне қосылды

Тізімдегілердің жалпы байлығы өткен жылмен салыстырғанда 8,2 миллиард доллар өсіп, 46,63 миллиард долларға жетті.

Қазақстанның ең бай бизнесмендерінің жыл сайынғы рейтингі жарияланды. Бұл жолы еліміздегі 50 ауқатты адамның тізімі тағы 25 кәсіпкердің есімімен толықты, деп хабарлайды Malim.kz.

«Forbes Қазақстан» басылымы қазақстандық 75 олигархтың жаңарған тізімінде 5 әйел бар.

Кейінгі екі жылда Қазақстандағы ірі кәсіпкерлік айтарлықтай қарқын алған. 

Тізімдегілердің жалпы байлығы өткен жылмен салыстырғанда 8,2 миллиард доллар өсіп, 46,63 миллиард долларға жетті. Былтырғы 769 миллион доллармен салыстырғанда орташа көрсеткіш, болжам бойынша, 622 миллион долларға дейін төмендеді.

Әйел демекші, ең бай адамдардың қатарында Динара Құлыбаева, Дариға Назарбаева, Раушан Сағдиева, Айжан Есімова және Гауһар Қаппарова бар.

Айжан Есімова тізімде 44-орынға жайғасқан. Оның дәулеті 207 миллион долларға бағаланды. Кәсіпкердің байлығының басым бөлігін 2021 жылы британиялық Kazphosphate Limited компаниясы арқылы Ғалымжан Есеновпен бірге (№15 рейтинг) акционері болған «Қазфосфат» ЖШС-ін сатудан түскен қаржы құрайды. 

Сондай-ақ оның «Спорт Центр» ЖШС (KRIDA фитнес-клуб) және Петропавл нан-тоқаш зауытында акциялары бар.

Айжан Есімова Forbes рейтингінде 15-орында тұрған кәсіпкер Ғалымжан Есеновпен тұрмыста болған. Оның байлығы 590 миллион долларға бағаланды. Кәсіпкер «First Heartland Securities» АҚ-ның 99,74%-ына иелік ету арқылы ол «First Heartland Jusan Bank» АҚ-тың 79,63%-ын бақылайды, сондай-ақ банктің тағы 20,11%-ы тікелей Ғалымжан Есеновке тиесілі. Кәсіпкердің Jusan Bank арқылы «Қазақтелекомда» АҚ – 9,19% және «Кселлде» АҚ – 9,08% (тағы 14,87% – жеке өзі) акциялары бар.

Айжан Есімова – Ахметжан Есімовтің қызы. 2017-2021 жылдар аралығында Ахметжан Есімов «Самұрық-Қазына» қорының басқарма басшысы қызметін атқарған. Содан кейін ол Қазақстанның экс-президентінің штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Самое читаемое