457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ертең елімізде жаңбыр, бұршақ жауып, үсік жүруі мүмкін

«Қазгидромет» РММ ертеңге ауа райы болдамын ұсынды

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады, елдің солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауады, шығыста қар жаууы мүмкін, деп хабарлайды Malim.kz.

Еліміздің басым бөлігінде түнде жауын-шашын болады, шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, республиканың солтүстік-шығысында нөсер болады. Тек оңтүстікте антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ел аумағында екпінді жел соғып, найзағай ойнайды, орталық бөлігінде дауыл тұрып, түнде оңтүстік-шығыста – тұман күтіледі, делінген болжамда.

Түнде Ақмола, Қарағандының батысында, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігінде топырақ бетінде, таулы аудандарында 1-2 градус үсік күтіледі.

Қостанайдың оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, Қызылорда облысының шығысында, БҚО-ның батысында, оңтүстік-батысында, Абай облысының орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Абай облысының оңтүстігінде, Жетісудың шығысында, Түркістан облысының шөлді аймақтарында да өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Фото: gov.kz

Самое читаемое