457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Еңбек күніне орай елімізде 200 іс-шара өтті

Оған жастардан барлығы 2 мыңнан аса адам тартылған

Еңбек күні аясында Қазақстанда жастардың қатысуымен дөңгелек үстелдер, бос жұмыс орындары жәрмеңкелері, экологиялық іс-шаралар, кәсіптік бағдар беру кездесулері, «Адал азамат – адал еңбек» диалог алаңдары сияқты 200-ден астам іс-шара өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәлімдеуінше, осы мақсатта Абай ауданында «Еңбекші жастар – 2024» және Қарағанды облысында «Шебердің қолы алтын» атты фестивальдер өткен.

Сондай-ақ, бірқатар өңірде «Жасыл ел» жасақтарының сарбаздары жұмыс маусымын салтанатты түрде қорытындылаған.

Еңбек күніне арналған іс-шараларға барлығы 2 мыңнан астам жас тартылған.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Самое читаемое