457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ең үлкен картоп. Бағбандар арасында байқау өтті

Бір картоптың салмағы - 1 келі

ШҚО-ның Алтай ауданында ауқымды картоп байқауы өтті.

Байқау Парыгино ауылының 200-жылдығын мерекелеуге орай өткен фестиваль аясында ұйымдастырылған. Оған ауданның ниет танытқан барлық тұрғыны қатысты.

Атап айтқанда, оннан астам азамат жаз бойы өсірген бау-бақша өнімдерін көпшілік назарына ұсынды.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз ең ірі картоп өсірген Алтай қаласынан келген Қалеловтар отбасы болды. Олардың бір картобының салмағы 1 келіге жуықтады.

Екінші орынды Парыгино ауылының тұрғыны Людмила Безлер, үшінші орынды чапаеволық Любовь Данилова иеленді.

Байқау жеңімпазының айтуынша,  картоптарының арасында бұдан да ірілері бар.

- Мына салмағы бір келіге жуық картоп ең ірісі емес. Бұдан да ірілері болған, бірақ жақында ғана өнімнің бір бөлігін немеремізге жіберген едік. Әлгі ең ірі картоп та соның ішінде кетті, - деді Василий Калелов.

Фото: Алтай ауданының әкімдігі

Самое читаемое