457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Елімізде жаңа мерекелер пайда болды

Қазақстанда барлығы 63 кәсіби мереке бар.

Елімізде кәсіби мерекелердің саны жайлы бұйрыққа өзгерістер енді, деп хабарлайды Malim.kz.

«Кәсіптік мерекелер тізбесін бекіту туралы» Премьер-министрдің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 258 бұйрығына 17 маусымда өзгерістер енгізілді. 

Құжат нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2023 жылғы 29 маусымда № 32924 болып тіркелді.

Біздің еліміздегі кәсіби мерекелердің тізіміне мыналар қосылды:

-Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні – 7 сәуір;

-Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының қызметкерлері күні – 16 сәуір;

- Метрология қызметкерлері күні – 20 мамыр;

- Ветеринарлық қызметкер күні – 10 шілде;

- Аңшылық шаруашылығы қызметкерлерінің күні – қыркүйектің бірінші сенбісі;

- Жоғары білім беру қызметкерлері күні – 1 қазан;

- Стандарттау қызметкерлері күні – 14 қазан;

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні – 18 қараша.

Осылайша, қазір Қазақстанда барлығы 63 кәсіби мереке бар.

Фото: интернеттен

Самое читаемое