457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Елімізде террористік қауіптіліктің «сары» деңгейі алып тасталды

Күштік құрылымдар штаттық режимге көшкен

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының саммиті мен ҚХР төрағасының мемлекеттік ресми сапарының аяқталуына байланысты күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша терроризмге қарсы операция режимін 4 шілденің 23 сағат 59 минутынан Астана қаласында алып тастау туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Malim.kz.

Күзет іс-шараларын өткізу кезінде терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штабтың басшысы ретінде ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығы «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 13 және 15-баптарына сәйкес осындай шешім қабылдаған.

Сонымен қатар, Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штабтың мәлімдеуінше, Президенттің 2013 жылғы 9 тамыздағы №611 Жарлығымен бекітілген «Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу қағидаларына» сәйкес Астана, Алматы, Қарағанды және Көкшетау қалаларында 4 шілденің 23 сағат 59 минутынан террористік қауіптіліктің бірқалыпты («сары») деңгейі алып тасталды.

Күштік құрылым бөлімшелері штаттық режимдегі жұмысқа көшкен.

Фото: halyq-uni.kz

Самое читаемое