457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Елімізде көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл жоқ – вице-министр

ІІМ басшысының орынбасары мәселенің мән-жайын түсіндірді.

Мәжіліс депутаттары көлікті бес минуттан артық қыздыруға айыппұл салынатыны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын алға тартты, деп хабарлайды Malim.kz.

Депутат Нартай Сәрсенғалиевтің айтуынша, Қазақстанның солтүстік өңірлерінде көлікті бес минутта толық жылыту мүмкін емес. Егер жүргізушілер суық көлікпен жолға шықса, бұл көліктің бұзылуына әкелуі мүмкін, ал жөндеу қосымша қаржылық жүктеме болмақ.

Өз кезегінде ішкі істер вице-министрі Игорь Лепёха жол қозғалысы туралы заңдағы «бес минут» нормасы тек «тоқтау» мен «тұрақ» ұғымдарын ажырату үшін енгізілгенін түсіндірді.

Көлікті жылыту туралы заңда бес минуттық шектеу көрсетілмеген. Тұрғындарға қолайсыздық тудырған жағдайда ғана елді мекендерде қозғалтқышы қосулы тұрған көліктің тоқтауына тыйым салынады. Бұл норма бойынша жауапкершілікке тек тұрғындардың шағымы негізінде тартылады. Өткен жылы мұндай үш жағдай тіркелді, оның біреуін прокуратура жойды. Демек, біз қозғалтқышты жылыту үшін ешкімді жауапкершілікке тартпаймыз. Бұл – қолдан жасалған мәселе, деп сендірді вице-министр.

Фото: Pixabay.com

Самое читаемое