Бишімбаевтың сотында Салтанаттың ағасы марқұмның бет-жүзі көгерген суретін көрсетті

Orda.kz сайтының жазуынша, бұл суретті марқұм Салтанат Нүкенова ағасына жіберген.
29 наурызда сағат 10:00-де азаматтық некедегі әйелін өлтірді деген күдікке ілінген Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы басталды.
Бүгін сот сұрақтарына Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді жауап беріп жатыр. Ол сотта қарындасының Бишімбаевтан таяқ жеп, көзі, беті көгерген фотосын көрсетті. Жәбірленуші бұл фотоны әуелі сотқа, айыпталушы тарапқа, содан кейін алқабилерге ұсынды.
Фото: Ulysmedia