Бишімбаевтың соты: жарыссөз 29 сәуірде басталады

Судья Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот тергеуінің аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Тараптарға сот жарыссөзіне дайындалуға уақыт беріледі, содан кейін сотталушылар – Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты үкім жарияланады.
Жарыссөз келесі дүйсенбі, 29 сәуірде басталады.
Фото: Жоғарғы сот