Бишімбаевтың Салтанатты тепкілеп жатқан видеосы көрсетілді

Сот барысында прокурорлар сот материалдарының видеосын көрсетті. Видеокадрларда Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың ұзақ дауласып, қарым-қатынасын реттей алмай жатқанын көруге болады. «Бау» мейрамханасынан екеуі бірде шығып, қайта кіреді. Кіреберісінде ұзақ әңгімелеседі.
Видеолардың бірінде жерде жатқан Салтанатты Бишімбаев аяқпен тебеді, шашынан тартып тұрғызып, қол жұмсайды. Қараңғы дәретханаға сүйреп алып кіреді.
Бұл кадрлар көрсетіле бастағанға дейін Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді залдан шығып кетті.
Бейнежазбада Бишімбаевтың қандай күшпен соққы жасап, қайтыс болған адамды шашынан сүйреп апарып жатқаны айқын көрінеді. Ол қайтып оралып, тағы бір рет соққы жасайды. Оның (Салтанаттың) киімсіз жүргені көрінеді, - дейді прокурор.
Бишімбаев бұл бейнеге қорғаушыларының өтініші бойынша түсініктеме берді:
Мен тек алақаныммен, шапалақпен ұрдым, – дейді ол.
Фото: видеодан скрин