457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бишімбаев тағылған айыппен тағы да келіспеді

Келесі сот отырысы 29 наурыз күні сағат 10:00-де өтеді. 

 

Бүгін Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша кезекті сот отырысы өтті. Прокурорлардың айыптау актісінен соң экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы «аса қатігездікпен өлтірді» деген айыбымен тағы да келіспеді.

Судьяның тағылған айыппен келісесіз бе деген сұрағына «мойындамаймын» деп жауап берді:

- Менің айтарым бар, осы кезге дейін өз оқиғамды айтуға мүмкіндік болмады. Тергеу кезінде де – ешқайда, мүлдем. Қазір прокурор оқыған айыптың көбісі ойдан шығарылған. Ешқандай дәлел де, куәгер де жоқ. Сондықтан қайталап айтамын, 110-бап бойынша: менің тарапымнан ондай қылмыс жасалмады. Мен бұл кінәні мойындамаймын.

- Жарайды. Бұл пунк бойынша кінәні толығымен мойындамайсыз. Келесі Қылмыстық Кодекстің 99-бап бойынша айыпты ше?

Осы сияқты мәлімдемені осы пункт бойынша да жасаймын.

- Айыпты толығымен мойындамайсыз...

- Айыпты толығымен емес, мен аса қатігездікпен қасақана кісі өлтірмедім. Егер маған мүмкіндік берілсе, жағдайды түсіндіретін едім.

- Иә, сізге ондай мүмкіндік беріледі.

Келесі сот отырысы 29 наурыз күні сағат 10:00-де өтеді. 

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысынан онлайн-трансляция ұйымдастырылады. Істі 5 мыңнан астан қазақстандық көріп отырды.  



 

 

Самое читаемое