457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Баян Мақсатқызы зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер үшін оңалту орталығын ашты

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер мен балаларға арналған оңалту орталығын ашып жатыр. Бұл туралы актриса әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, орталық жүзге жуық әйелді қабылдауға дайын, жақын арада жұмысын бастайды.

- Мен зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер мен балаларға арналған оңалту орталығын ашатынымды айтқанмын. Ол дайын. Жақын арада жұмысын бастайды. Қоғамды нөлдік төзімділікке жеткізу үшін барлық күш-жігерімді жұмсаймын. Біз құтқаруға емес, бақытты отбасыға арналған орталық ашуымыз керек. Орталық үлкен, жарқын, жайлы, жүзге жуық әйелді қабылдауға дайын. Бізде жетекші мамандар - психолог, заңгер, медицина қызметкерлері, тәрбиеші және оқытушылар жұмыс істейді. Барлық әйелді қалай құтқаруға болады? Бұл мүмкін емес те шығар. Мүмкін бұл мәселеге қатысты қоғамның ойы мен көзқарасын өзгерту  керек шығар. Зорлық-зомбылыққа жол беруге болмайды, - деп жазды Баян Мақсатқызы.

Айтуынша, орталықты атауы - «Клара». Бұл атауды неліктен таңдағынан да түсіндірді.

- Бұл - менің жұбайымның анасының есімі. Мен Клара анамыздың бізге көктен қарап, игі істерге батасын беретініне сенемін, - деді. 

Айта кетейік, Баян Мақсатқызы бұған дейін тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы «Бақыт» фильмін түсірді. Бұл туынды бірнеше халықаралық кино байқауының жүлдесін алды. 

 

ФОТО: ИНТЕРНЕТТЕН

Самое читаемое