457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бас мүфти Құрбан айтқа байланысты қазақстандықтарға үндеу жолдады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кәсіпкерлерге үндеу жасап, мал бағасын орынсыз көтермеуге, азық-түлік бағасын түсіруге шақырды, деп хабарлайды Malim.kz.

Біз қашан да өзгелерге қайырымдылық жасап, айналамызға шуағымызды төгіп, үлкендердің алғысы мен батасын алып, өсіп-өнген елміз. Осы ретте еліміздегі барша кәсіпкер азаматтарды Құрбан айттың құрметіне мал құнын қолдан көтермей, халықтың әлеуметтік жағдайын ескеріп, оңтайлы баға ұсынуға, жұртымыз күнде тұтынатын азық-түлікке мүмкіндігінше жеңілдік жасауға шақырамын. Құрбан айтты атап өтудің негізгі мақсаты – мұсылмандар арасында өзара мейірімділік, жомарттық, қайырымдылық, қанағат сынды адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру. Алланың рақым нұры төгілетін берекелі сәттерде халқымызға жақсылық жасап, көпшіліктің ризашылығына бөленейік, – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Еске салсақ, Қазақстанда онлайн құрбандық шалатындар үшін qurban2024.kz сайты іске қосылды. 

Мұсылмандар діни басқармасының мәліметінше, Құрбан айт 16 маусымда басталады.

Фото: ҚМДБ

Самое читаемое