457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әуежайда пышақпен шабуылдаған адамды ұстау сәтінің видеосы пайда болды

Ол әуежайға жолаушыны шығарып салу үшін келген екен.

Алматы әуежайында қолына пышақ алып, қызметкерді кепілге алған ер адамды ұстау сәтінің видеосы пайда болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Кадрдан қарағанда, қаскөйді қоңыр түсті жейде киген ер адам қарусыздандырған. Ол қолына пышақ ұстап тұрған адамды әңгімеге айналдырып, оңтайлы сәтте қолындағы қаруын тартып алған. Сонан соң оны тәртіп сақшылары ұстап алды.

Полицияның дерегінше, қоңыр түсті жейде киген ер адам жолаушыны әуежайға шығарып салуға келген екен.

Ал шабуыл жасаған адам – 67 жастағы Алматы қаласының тұрғыны.

Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

 

Самое читаемое