Ауа райының бұзылуынан бірнеше республикалық жолға шектеу қойылады

Ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар республикалық автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылады. Бұл туралы «Қазавтожол» АҚ мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.
- 2024 жылғы 9 қарашада сағат 20:00-де Ақмола облысында республикалық маңызы бар «Астана-Ерейментеу-Шідерті» автожолының 16-200 шақырым аралығында (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына;
- 2024 жылғы 9 қарашада сағат 20:00-де Павлодар облысында республикалық маңызы бар «Астана-Ерейментеу-Шідерті» автожолының 200-254 шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасынан Шидерті ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына;
- 2024 жылғы 9 қарашада сағат 20:00-де Ақмола облысында республикалық маңызы бар «РФ шекарасы (Екатеринбургке)ы – Алматы» автожолының 1292-1353 шақырым аралығында (Жібек Жолы төлемақы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына;
- 2024 жылғы 9 қарашада сағат 20:00-де Қарағанды облысында:
1. «РФ шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы» автожолының 1353-1426 шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау төлемақы алу пунктіне дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына;
2. «РФ шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы» автожолының 1426-1446 шақырым аралығында (Теміртау төлемақы алу пунктінен Теміртау қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына.
Фото: inbusiness.kz