Атырау облысында Өзбекстан азаматтары мінген көлік өртенді

Атырау облысында жол бойында ішінде Өзбекстан азаматтары отырған жеңіл автокөлік өртенді, деп хаарлайды Malim.kz.
Оқиға Мақат ауданында республикалық маңызы бар «Атырау – Ақтөбе» автожолының 31 шақырымында болған.
Өрт сөндірушілер Өзбекстан Республикасының 3 азаматын тілсіз жаудан құтқарып қалған. Оларды кейін жедел медициналық жәрдем бригадасы қарауына алған.
Өрт сөндірілген, себебі анықталып жатыр.
Фото: ТЖМ