Астананың бірнеше ауданы жарықсыз қалды

Астанада Алматы ауданының бірнеше көшесі бойында жарық сөніп қалды. Төтенше жағдайдың себебін «Астана РЭК» АҚ мекемесінің баспасөз қызметі түсіндірді.
«Сағат 15:06-да Алматы ауданында технологиялық ақау болды, соның салдарынан «Мыңжылдық аллеясы» мен Тәуелсіздік даңғылы, Қордай және А.Байтұрсынов көшесіндегі тұрғындар электр жарығынсыз қалды. Сағат 15:32-де жарық беру резервтік қуатқа ауыстырылды», - делінген хабарламада.
Ақпаратта айтылғандай, қазіргі уақытта жарықтың кенеттен сөнуінің себебі анықталып жатыр.
Фото: atr.kz