Астанадан Пхукетке тікелей рейс ашылады

Аir Astana әуе компаниясы елордадан Таиландтың Пхукет қаласына 26 қазаннан бастап тікелей рейс ашылатынын хабарлады. Осы бағыттағы ұшақтар аптасына 5 рет ұшады. Екі жаққа билет бағасы 334 144 теңгеден басталады.
Тайланд Корольдігі Қазақстан азаматтары үшін елде визасыз жүру құқығын 60 күнге дейін ұзартты.
Фото: rus163m5.ru