457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астанада мектеп хатшысын еске алып, ас берген директор жұмыстан шығарылмақ

Тексерістен кейін директор инсульт ала жаздап, ауруханаға жатқызылған. 

Астанада 20-мектеп директорын мектеп хатшысын еске алып, ас бергені үшін жұмыстан шығармақ, деп хабарлайды Stan.kz

Директор 28 наурызда, яғни демалыс кезінде кешкі 18:30-да мектеп хатшысын еске алып, ас бергені анықталды. Мұндай шағым «Жалобы Астана» сайтында пайда болды. Сонымен қатар ол жерде директор мектеп асханасында осындай іс-шараларды өткізіп, кәсіп жүргізуді ойлап жүргені айтылған. 

Дегенен оқушылардың ата-анасы директорды жақтап, оның жазасын жеңілдетіп, жұмыстан шығармауды сұрайды. 

Біз – осы мектептің ата-аналары, директорымыздың жұмысына көңіліміз толады және оны жұмыстан шығудан қорғағымыз келеді. Әрине, бұзушылық болғанын білеміз, жоққа шығармаймыз. Қазір қызметтік тексеріс жүріп жатыр, бірақ біз жұмыстан шығармай, дұрыс шешім қабылса деп сұраймыз, – деді олар. 

Олардың сөзінше, Білім басқармасы бұл арызды бірден қарап, келесі күні тексеріс жүргізу үшін прокуратура өкілдері келген. Осы тексерістен кейін директор инсульт ала жаздап, ауруханаға жатқызылған. 

Фото: интернеттен

Самое читаемое