457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астанада көшеде тапаншадан оқ атқан ер адам ұсталды

Екі жігіт кейін жасырынуға тырыспаған.

Астана қалалық Полиция департаменті қала тыныштығын бұзған адамдардың үстінен қылмыстық іс қозғалғанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, «Киа» маркалы автомашинаның ауаға оқ атқан жүргізушісін анықтап, ұстады. «Glock» маркалы тапанша тәркіленіп, сараптама тағайындалды. Бұл факт бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүріп жатыр, - делінген хабарламада.

Бұған дейін желіде «21 мамырға қараған түні Астанада «Думан» қонақ үйінің жанындағы  автотұрағында белгісіз адам тапаншадан оқ атты» деген хабарлама тараған болатын.

Екі жігіт тапаншамен оқ атқаннан кейін жасырынуға тырыспаған. Олар әлеуметтік желіге суреттері мен видеоларын жүктеген.

Фото: интернеттен

Самое читаемое