Астанада газ-ауа қоспасының тарсылы естілді

Астанада Есіл ауданында әкімшілік ғимаратқа жапсарлас салынған қазандық жанған, деп хабарлайды Malim.kz.
ТЖМ күштері шақырту түскен сәттен бастап 15 минут ішінде өртті сөндірген. Қазандықта 5 ш.м. алаңда өрт шығып, соның салдарынан 100 ш.м. алаңда панельдер құлаған. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталады.
Фото: teplokomplekt.ru