Астанада автобустар көбейіп, жолаушылардың күту уақыты қысқарады

Астанада 11 қарашадан бастап 11 бағыт қосымша автобустармен толығады. Осылай күту уақыты үш минутқа қысқарады, деп хабарлайды Malim.kz.
CTS компаниясының мәлімдеуінше, бағдарларға 17 автобус қосылады, нәтижесінде автобустар саны былай өзгереді:
№3 бағдар – 17 автобус (бұрын 15)
№20 бағдар – 16 автобус (бұрын 15)
№27 бағдар – 12 автобус (бұрын 10)
№31 бағдар – 12 автобус (бұрын 10)
№32 бағдар – 23 автобус (бұрын 22)
№33 бағдар – 14 автобус (бұрын 13)
№36 бағдар – 17 автобус (бұрын 16)
№42 бағдар – 14 автобус (бұрын 10)
№19 бағдар – 14 автобус (бұрын 13)
№51 бағдар – 25 автобус (бұрын 24)
№84 бағдар – 13 автобус (бұрын 12)
Фото: kursiv.media