457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астана-Петропавл автожолындағы колоннаны сүйемелдеу сәті жарияланды (ВИДЕО)

Онда көліктердің жол жүру ережесін сақтамағаны көрсетілген

Биыл 3 қаңтарда Астана-Петропавл автожолында болған 95 көліктің жаппай жол-көлік оқиғасының алдындағы автоколоннаның бейнежазбасы жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының ақпаратына қарағанда, бейнежазбада жүргізушілер сүйемелдеу кезінде жол жүру ережелерін ескермей, бірін-бірі басып озған сәттері көрсетілген.

Қыс мезгілінде колоннамен қозғалғанда жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашық қатаң түрде сақталуы тиіс. Басып озуға тыйым салынады, себебі салдары авариялық жағдайларға әкелуі мүмкін. Бейне жол-көлік оқиғасында дейін ақылы учаскелерде орналасқан камераларға түсірілді. Екінші бейнеде Астана-Теміртау автожолының учаскесінде ұйымдасқан колонналық қозғалыс көрсетілген. Жүргізушілер басып озбай, барлық ережелерді сақтап қозғалған, деп жазды ұлттық компания.

Айта кетейік, бұған дейін Астана-Щучинск бағытындағы тас жолда үлкен жол апаты болғанын жазған едік.

Фото: видеодан скриншот

Самое читаемое