457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астана іргесіндегі Қояндыда суды сору жұмыстары жалғасып жатыр

Жауын-шашынның көп түсуіне байланысты елді мекенде 2 жеке тұрғын үй мен 20 жеке аула су астында қалды.

Ақмола құтқарушылары Целиноград ауданы Қоянды ауылында жаңбыр суын айдау жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Тәулігіне шамамен 12 мың текше метр жаңбыр суы айдалды. Қазіргі уақытта барлық үйден су сорылды, тек 17 жеке аула аумағы су астында қалды. Су айдау жұмыстары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тәулік бойы жүргізіледі, - деді Ақмол ауылының 22-ӨСБ басшысы Медет Шәріпов.

Естеріңізге сала кетейік, 26 мамырда жауын-шашынның көп түсуіне байланысты елді мекенде 2 жеке тұрғын үй мен 20 жеке аула су астында қалды.

Фото: ТЖМ

Самое читаемое