457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ақтөбеде үй өртеніп, зейнеткер ауруханаға жеткізілді

Тілсіз жау 160 шаршы метр аумақты шарпыған

Бүгін Ақтөбеде жекеменшік тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, ол жанындағы көрші үйді де шарпыған, деп хабарлайды Malim.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше, өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында шақыту түскен сәттен бастап 39 минут ішінде жалпы ауданы 160 шаршы метр аумақтағы қызыл жалын сөндірілген.

Оқиға салдарынан 1-2 дәрежелі термикалық арқа күйігі бар 1960 жылы дүниеге келген үй иесі  ауруханаға жеткізілді. Қазір өрт себебі анықталып жатыр.

Фото: ТЖМ

Самое читаемое