Ақмола облысында жерді шетелдіктерге жалға бергендер анықталды

Мемлекет басшысының 2016 жылғы 6 мамырдағы мораторий енгізу туралы Жарлығын бұза отырып, шетелдіктерге ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалға беру шарттарында уақытша жер пайдалану құқығын беру фактілері анықталды.
Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша сот шешімімен мемлекеттік қорға кадастрлық құны 42,5 млн теңге ауыл шаруашылығы мақсатында шетелдік азаматқа заңсыз берілген 1,4 мың гектар жер қайтарылды.
Фото: El.kz