457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Аптап ыстықтың соңы нөсерге ұласады

Тек еліміздің шығысы мен солтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.

Елімізде аптап ыстықтың соңы нөсер жаңбырға ұласады, деп хабарлайды Malim.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, еліміздің шығысында және оңтүстік-шығысында +40+43°С дейін өте қарқынды аптап ыстық сақталады.

27 маусымда солтүстік-батыста, 28-29 маусымда оңтүстікте, 29 маусымда солтүстікте, орталықта аптап ыстық төмендейді деп күтілуде, - деді синоптиктер.

Болжам бойынша, алдағы тәуліктерде Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауқымды циклон әсер етеді, соның салдарынан республиканың батыс және солтүстік-батыс облыстарында найзағаймен бірге қатты жаңбыр жауады, бұршақ жауып, екпінді жел соғады.

Тек еліміздің шығысы мен солтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.

Фото: life09.kz

 

Самое читаемое