457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Антикор бұрын полиция қызметкері болған жігітті іздеп жатыр

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті Бақыт Есенжолұлына іздеу жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Агенттік ҚР ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағында көзделген ауыр қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасының азаматын іздестіріп жатқанын хабарлады.

"Бақыт Әділ Есенжолұлы, 25.07.2000 ж.т., Қарағанды облысының тумасы (Сәтбаев қ. ПБ бұрынғы жедел уәкілі). Бұлтартпау шарасы – "Қамауда ұстау". Іздеу салынған адам анықталған жағдайда немесе оның болуы ықтимал орны туралы қандай да бір ақпарат алынған кезде, іздестіру бастамашысын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментіне (мекенжайы Жезқазған қ., Құрманбаев көшесі хабарлауды сұраймыз", – делінген хабарламада.

Фото: Антикор

Самое читаемое