457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алматыда жылу 7 қазаннан бастап қосылады

Алматыда 7-11 қазан аралығында нысандарды орталықтандырылған жылытуға кезең-кезеңімен қосу басталады, деп хабарлайды Malim.kz.

Әуелі жылу балабақшалар, мектептер және медициналық мекемелер сияқты әлеуметтік нысандарға беріледі. Маусымға дайындық деңгейі 99%.

Негізгі мәліметтер: 

  • Алматы әкімінің тапсырмасымен қаланың алты ауданында 20 км жылу желісі жаңартылды. 
  • Жүйедегі жүктемені теңестіру үшін 69 сорғы бекеті мен және 24 аккумуляторлық бак дайындалды. 
  • Төтенше жағдай кезінде 16 жөндеу бригадасы мен 56 техника жұмылдырылады.

Егер бес күн қатарынан температура +8 градусқа дейін төмендесе, жылыту маусымы 15 қазанда басталады. Былтыр жылу 10 қазанда беріле бастаған. Жылу кезең-кезеңімен беріліп, алдымен әлеуметтік нысандар, кейін басқа ғимараттар қамтылады.

Фото: pixabay.com

Самое читаемое