457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алматыда бизнес-орталық отқа оранды

Алматыда бизнес-орталық өртенді, деп хабарлайды Malim.kz.

Сағат 00:31-де 101 қызметіне Алмалы ауданы Жұмалиев көшесіндегі "Grand Asia" бизнес-орталығында өрт тұтанғаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер 1-қабаттан бастап 12-қабатқа дейін керамогранит астына төселген жылытқыштың сыртқы қаптамасы жанып жатқанын анықтады. Қызыл жалын 02:18-де толық сөндірілді. Өрт 150 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Тілсіз жаудың алдын ала себебі – пиротехниканы қолдану кезінде өрт қауіпсіздігін сақтамау, - делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 43 адам және 15 техника жұмылдырылды.

Фото: 2gis.kz

Самое читаемое