Алматы облысында қойма өртеніп кетті

ТЖМ мәліметінше, Алматы облысында қойма өртенді, деп хабарлайды Malim.kz.
Алматы облысының құтқарушылары қоймадағы жалынды сөндірді.
Бүгін Қарасай ауданында қоймалық үй-жайдың бірінде 273 шаршы метр алаңда құрылыс материалдарының жануы орын алды.
Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, — делінген ақпаратта.
ТЖМ кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.
Фото: ТЖМ