Алматы облысы тауларында Ұлыбритания азаматы

Алматы облысында тауда Ұлыбритания азаматы адасып кеткен. Оны төтенше жағдай мамандары іздеп тапты, деп хабарлайды Malim.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше, оны республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Алматы облысының Ақтас үстірті ауданындағы таулы жерлерде іздестіріп жүріп тапқан.
Іздеуге құтқарушылардың кинологиялық қызметі жұмылдырылған. Жоғалған адамға медициналық көмек қажет болмаған.
Фото: ТЖМ