457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

23-25 мамыр аралығында Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райы сақталады.

Синоптиктердің болжауынша, 23-25 мамыр аралығында Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, бұршақ жауып, жел күшейеді. Солтүстікте үсік жүреді, деп хабарлайды Malim.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

23-25 мамыр аралығында Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райы сақталады. Республиканың барлық дерлік өңірінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады деп болжанды.

24-25 мамырда солтүстік-батыста, солтүстікте, 25 мамырда – Қазақстанның орталығында жауын-шашын күтіледі, жаңбыр соңы қарға айналып, кей уақытта қатты жауын-шашын түседі деп болжанып отыр.

Тек кей күндері батыс және оңтүстік облыстарда жауын-шашын тоқтайды.

Батыс, солтүстік және солтүстік-батыс облыстарда түнде және таңертең 3 градусқа дейін үсік күтіледі, күндіз солтүстік және солтүстік-батыс облыстарда ауа температурасы 5-13 градус жылыға дейін төмендейді.

Ал Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы 20-30 градусқа дейін көтеріледі деп болжанды.

Фото: Egemen.kz

Самое читаемое