457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр, найзағай, солтүстік-батыста, солтүстікте бұршақ жауып, екпінді жел күшейеді.

Қазгидромет мамандары еліміз бойынша 4-6 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Алдағы үш күнде республика бойынша ауа райы тұрақсыз болады. Бұл атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты. Сол себептен жаңбыр, найзағай, солтүстік-батыста, солтүстікте бұршақ жауып, екпінді жел күшейеді.

Ал Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды.

Атап айтқанда, еліміздің батысында +30+39 °С-қа дейін, солтүстік-батыста +25+35 °С-қа дейін, солтүстікте +23+30 °С-қа дейін, орталықта, шығыста +25+33 °С-қа дейін, оңтүстікте +35+40 ° С-қа дейін, оңтүстік-шығыста +28 + 35 °С-қа дейін болжанған.

Фото: telegra.ph

Самое читаемое