Алдағы күндері елімізде күн қайта суытады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстанда алдағы күндері күн қайта салқындайды деп болжап отыр. Түнде термометр бағаны нөлге дейін төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды Malim.kz.
Олардың болжамынша, Қазақстанға 4-6 мамырда қайта арктикалық салқын түседі. Яғни, көктемнің жылы жайма-шуақ күндерін сезініп үлгермеген еліміздің солтүстік және батыс өңірлерінің тұрғындары қайта арктикалық салқындықты сезінеді. Мұның себебі – қысым өрістерінің жылдам өзгеруі.
Метеорологтардың хабарлауынша, солтүстік және оңтүстік циклондардың скандинавиялық антициклонмен алмасуы Қазақстан аумағына жауын-шашын мен контраст ауа райын әкеледі. Ал Баренц теңізінен суық ауа массаларының әсер етуі алдымен солтүстік-батыста, солтүстікте, сосын республика орталығында ауа температурасының төмендеуіне әкеледі. Түнгі уақытта ауа температурасы нөлге дейін төмендеп, жаңбырдың соңы қарға ұласады деп күтілуде. Дегенмен оңтүстік аймақтарда мол жауын-шашын түсіп, найзағай ойнап, бұршақ жауатынына қарамастан, көктемгі жылу сақталады деп болжанып отыр.
Фото: S1.fotokto.ru