457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алдағы күндері ауа райы қандай болады

Синоптиктердің мәліметінше, атмосферадағы синоптикалық жағдайға оңтүстік циклон әсер етеді, ауа райы бұлтты болады деп болжанып отыр.

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 11-13 шілдеге арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, атмосферадағы синоптикалық жағдайға оңтүстік циклон әсер етеді, ауа райы бұлтты болады деп болжанып отыр. Өткінші жаңбыр жауады.

Солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста, 12-13 шілдеде батыста, 13 шілдеде оңтүстікте, орталықта кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Қазақстан бойынша найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, жел күшейеді деп болжануда.

Ауа температурасы күндіз еліміздің батысында +25+30°С дейін, солтүстік-батыста +20+30°С дейін төмендейді, ал республиканың солтүстігі мен шығысында +28+38°С дейін жоғарылайды, қалған аумақта өзгеріс болмайды.

Фото: finanzen100.de

Самое читаемое