Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады

Алдағы күндері республиканың барлық аумағында ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Malim.kz.
«Қазгидромет» РМК мамандарының айтуынша, жаңбыр, найзағай, екпінді жел күтіледі, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста, орталықта бұршақ жауады.
15, 17 маусымда солтүстікте, 15 маусымда орталықта, 15-16 маусымда шығыста қатты жаңбыр болжанады.
Еліміздің батысында ауа температурасы +33+42°С, оңтүстігінде +35+42°С, оңтүстік-шығысында +28+38°С, солтүстігінде +26+34°С, орталығында +25+33° С дейін, шығыста +21 + 31°С дейін жоғарылайды.
Фото: pixabay