457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Алаңдамаңыздар»: Mass Alert жер сілкінісін ескерту жүйесі сынақтан өткізіліп жатыр

Mass Alert жүйесінің SMS-ке қарағанда бірқатар артықшылығы бар.

Бүгін Алматыда Mass Alert төтенше жағдай туралы жедел құлақтандыру жүйесін іске қосу жобасы жүзеге асырылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бірінші кезеңде – 31 мамырдан бастап жүйе Android құрылғыларын пайдаланушылар үшін іске қосылды.

12:00-ден бастап Android мобильді құрылғыларын пайдаланушыларға қазақ, орыс және ағылшын тілінде «Алаңдамаңыздар. Халықты хабардар ету жүйесіне тексеру жүргізілуде. Не беспокойтесь. Проводится проверка системы оповещения населения. Remain calm. The public alert system is being tested, - деген хабарлама келіп түсіп жатыр. 

Екінші кезеңде iOS құрылғысының пайдаланушылары жүйеге қосылады.

Mass Alert жүйесінің SMS-ке қарағанда бірқатар артықшылығы бар. Хабарлама мобильді оператор желісіне қосылған, сондай-ақ жеке таңдалған географиялық аймақтағы барлық абонентке келеді. Сонымен қатар жүйе желілердің шамадан тыс жүктелу жағдайында жұмыс істейді. Cell Broadcast технологиясының басты артықшылығы, қамту аймағындағы барлық абонентке бірден әрі жаппай ескертеді. 

Сондай-ақ Mass Alert-ті Алматы ТЖД жер сілкінісі туралы ерте құлақтандырудың автоматты жүйесімен біріктіру жоспарланған.

Коллаж: Kursivmedia

Самое читаемое