457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Абай облысында көпірді су шайып кетті

Аягөз ауданының әкімдігі жергілікті ауқымда төтенше жағдай жариялады.

Абай облысы Аягөз ауданында жергілікті маңызы бар «Аягөз-Бозай» автожолының 20 шақырымында Аягөз өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты көпірдің жол төсемі шайылып кетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

- Қазіргі уақытта көпір арқылы көлік қатынасы тоқтады. ПД қызметкерлері шектеу белгісін қойып, кезекшілік ұйымдастырды. Халықты Аягөз өзені арқылы өткізу үшін ТЖД қызметкерлері жіберілді, - деп жазды ТЖД.  

Аягөз ауданының әкімдігі жергілікті ауқымда төтенше жағдай жариялады.

Сондай-ақ оқыңыз: Қостанайдағы Амангелді ауылын су басып қалды  

ФОТО: ТЖД видеосынан скриншот

Самое читаемое