457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«5-6 бала туып тастайды»: Танымал психолог әйелдердің жыл сайын бала туатынына қарсы шықты

Ол тек 3 бала туу керегін айтады

Танымал психолог Ержан Мырзабаев әйелдер қауымын көп бала тумауға шақырды, деп хабарлайды Malim.kz.

Психологтың айтуынша, 5-6 бала туған әйелдер бәріне бірдей мейірім мен махаббатын көрсете алмай жатады.

"Декретке бір кіріп, 10-15 жыл декреттен шыға алмай кететін әйелдер бар. Бірінен кейін бірін, 5-6 бала туып тастайды. Мен бала тууға қарсы емеспін. Әрине, Қазақстанның демографиясының артуын қолдаймын. Бірақ біз ата-ана ретінде санға емес, сапаға көбірек назар аударуымыз керек. Егер 5-6 бала туып, артынан денсаулығыңыз, нервіңіз кетіп, миыңыз ашып, психикаңыз бұзылатын болса, ашулы болып, бүкіл балаларға зорлық-зомбылық, айқай шу, ұрып-соғатын болсаңыз, нервный болып, күйеуіңізге тиісіп, қарым-қатынас нашарлайтын болса, бұл 6 баланың, өкінішке қарай, сізден алар пайдасы аз. Одан да 3 бала болсын, әр бала арасында 2-3 жыл демалыс болсын", - дейді маман. 

Психолог әр баладан кейін қалыпқа келіп, демалу қажет екенін алға тартты.

"Келесі баланы саналы түрде жоспарлап, дүниеге әкеліңіз. Сол кезде сіз 10-15 жылдың ішінде мүмкін үш-ақ бала туасыз. Бірақ әр бала сізден ана ретінде, әке ретінде толыққанды сүйіспеншілік, мейірім көріп өсетін болады. 5-6 бала туып тастайды, ең кішкентайы ғана ата-ананың сүйіспеншілігін көреді, қалғандарының барлығы үйдің бір бөтен баласы сияқты жүреді", - деді психолог. 

Самое читаемое