457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«13 сәуірде үйленетін болған»: Құлсарыда жас жігіт әкесімен бірге жоғалып кетті

Әкелі-балалы азаматтар үш күн бұрын күндіз шамамен сағат 2-де су басқан үйлерін қарап келуге кеткен.

Тасқын сумен арпалысып жатқан Құлсарының әкелі-балалы тұрғындары жоғалып кеткен. Куәгерлердің айтуларынша, үш күн бұрын олар су басқан үйін көруге кеткеннен оралмаған, деп хабарлайды Malim.kz.

Бүгінде оларды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Іздеуге ТЖМ тиесілі 5 темір, 2 резеңке қайық жұмылдырылған. Әр қайықта 2-3 адамнан бар.

Тұрғындардың сөзінше, әкелі-балалы азаматтар үш күн бұрын күндіз 2 шамасында су басқан үйлерін қарап келуге кеткен.

Жас жігіт осы айдың 13-і күні үйленетін болып жоспарлаған. Мектеп пен оқу орнын үздікке бітірген екен.

Фото: Өркен ЖОЯМЕРГЕН

Самое читаемое