457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

10 кыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тек елдің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады

Қазгидромет ел аймақтарында болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам ұсынады.


Солтүстік-батыс антициклонының әсерінен аймақтардың басым бөлігінде жауын-шашын болмайды.  Тек елдің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, оңтүстік өңірлерде – найзағай, таулы аудандарда түнгі және таңертеңгі сағаттарда – жаңбыр мен қар жауады.

ҚР бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман, ҚР-ның батысында, оңтүстік–шығысында желдің күшеюі күтіледі.

Ұлытау облысында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, батысында, Ақтөбе облысының орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, орталығында, Шығыс-Қазақстан облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Фото: udmr.ru 

Самое читаемое