457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жезқазғанда мұнай базасында өрт шығып, адамдар зардап шекті

Жезқазған қаласындағы мұнай базасында өрт шығып, арнайы мақсаттағы үш автокөлік өртенді, деп хабарлайды Malim.kz.
Өрт кезінде газ-ауа қоспасы жарылып, ангар құлап түскен. Өрт шыққаннан кейін ТЖМ бөлімшелері оқиға орнына санаулы минутта жеткен. Оқиға орнында құрылған жедел штаб жанғыш отынға толы резервуарды қорғау және оны салқындату бойынша шұғыл шешім қабылдады. Өрт сөндірушілер автоцистерналарды өрт сөндіру гидранттарына орналастырып, көбікті қолдану арқылы 100 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірді, делінген хабарламада.

Өрт салдарынан мұнай базасының төрт қызметкері жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Фото: ТЖМ

Самое читаемое