Жетісу облысында жер сілкінді

Ұлттық ядролық орталыққа қарасты деректер орталығының жедел мәліметтері бойынша, бүгін Жетісу облысында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Malim.kz.
Табиғи құбылыс сағат 11:24-те Астана уақыты бойынша (Гринвич уақытымен сағат 06:24-те) Лепсі ауылынан батысқа қарай 30 шақырым жерде болған.
Эпицентрдің координаттары: 46.27 градус солтүстік ендік, 78.44 градус шығыс бойлық. Магнитудасы mb=3.6. Энергетикалық класс К = 8.3.
Фото: