457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жамбылда бір көшеде тұратын екі жасөспірімнің мәйіті табылды

Екеуі бір-бірімен таныс болған, бірақ екі жағдайдың бір-біріне қатысы жоқ дейді полицияда

Жамбыл облысы Түймекент ауылында екі жасөспірімнің мәйіті табылды. Екі жасөспірім де бір көшеде тұрған және бір-бірімен таныс болған.

Бұл туралы «КТК» телеарнасы хабарлайды.

Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, марқұмдардың бірі – студент, жасы 15-те. Екіншісі – 16 жастағы оқушы. Екеуінің денелері ауылдың әртүрлі учаскелерінен табылған. Бірінші жасөспірімнің мүрдесін бір інісі байланыс мұнарасы жанынан тапқан. Ал келесі күні мектеп оқушысының денесі үйінің сарайынан табылған.

Көршілері жасөспірімдерге мінез-құлқы жақсы деген сипаттама беріп отыр. Екеуі де көп балалы отбасыдан шыққан.

Қазір «суицидке әкелу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицияның хабарлауынша, екі жағдай да ресми түрде бір-бірімен байланысты емес. Дегенмен, ауылда оқиғаның себептерін анықтау үшін психологтар, педагогтар мен инспекторлардан құрылған комиссия жұмыс істеп жатыр.

- Аталған деректер бойынша Байзақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті кешенді тергеу шаралары жүргізіледі. Екі жағдай да бір-бірімен байланысты емес, қаза тапқандар туыс емес, — деп хабарлады полицияда.

Фото: Depositphotos

Самое читаемое