Ұлытауда қар құрсауында қалған адамдар құтқарылды

Түнде Ұлытау ауданында ТЖМ құтқарушылары 5 адамды іздеп тапты, деп хабарлайды Malim.kz.
Олар кеше күндіз жеңіл автокөлікпен Жезқазған қаласынан Терісаққан ауылына шығып, 10 сағаттан астам байланысқа шықпаған.
Құтқарушылар жоғалған бес адамды тапты, олар қар құрсауында қалып қойған екен. ТЖМ қызметкерлері автокөлікті қардан шығарып, оларды Ұлытау ауылына дейін сүйемелдеді. Медициналық көмек қажет болмады, деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Фото: ТЖМ