457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Тараз полицейлері суицид жасамақ болған адамды құтқарып қалды

29 қыркүйек түнде Тараз қаласының тәртіп сақшыларына қаладағы мөлтек аудандардың бірінде белгісіз тұлға пышақпен тұрғындарды қорқытып жүргені туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция қызметкерлері Нұрболат Амангелді мен Ерлан Дикаев әр түрлі психологиялық тәсілдерді қолдана отырып, ер адамды тыныштандырды.

Олар қолында суық қаруы бар азаматтың пышағын тартып алып, өзін еш жарақатсыз полиция бөліміне жеткізді.

Ер адам қоғамдық орында мас күйінде болғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тұрғындар дер кезінде көмекке келген полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Фото: ІІМ

 

Самое читаемое