457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қостанайда бес автобус өртенді

Өрт түнгі уақытта болған

Қостанайдың автопаркінде автобустар өртенді.  Өрт түнгі уақытта болған.


Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, түнде «101» пультіне күзету қызметінен Қостанай қаласындағы автобус паркінің аумағында автомобиль боксынан түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

Газ-түтіннен қорғау қызметі барлау кезінде бокста бес автобустың жанып жатқанын анықтады. Өрт алдын ала 220 шаршы метр алаңда сөндірілді.

- Нақтыланған ақпарат бойынша бокста 5 автобус жанған, - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер өрттің одан әрі таралуына жол бермей, 27 қалалық автобус пен бокс конструкцияларын өрттен аман алып қалды.

Фото: ТЖМ

Самое читаемое